28 Қараша 2024
67

Оқушылар ақпараттандырылды

1-желтоқсан Дүние жүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес куніне орай 2024жылдың 25 қарашасында АИТВ инфекциясының алдын алу Қызылорда облыстық орталығы, облыстық жастар денсаулық орталығы мандарының қатысуымен №7, №176 орта мектеп оқушылар арасында кездесу жүргізілді. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу, сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. ЖИТС-ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен қарсы күреске шақырылды. Сонымен қатар, 20-қараша мен 1-желтоқсан аралығында республика және облыс көлемінде «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Кампанияның мақсаты, міндеттері туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, бейнероликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақтар таратылды.

 Дәрігер эпидемиолог көмекшісі Ж.Нуртазаева