27 Қараша 2024
65

Колледж студенттері ақпараттандырылды

1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай 2024 жылғы 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында онкүндік жарияланып тұрғындар, әсіресе жастар арасында әр түрлі форматта іс-шаралар өткізілуде.


М.Ыхсанов атындағы политехникалық колледжде АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігері Ж.Кистаубаева мен Облыстық жастар денсаулығы орталығының психологы И.Каниева бірлесіп жастарға АИТВ-ның індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары тақырыбында ақпараттар беріп, бейнероликтер көрсетіп, соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жастармен өмірде кездесетін қауіпті жағдайлардан шығу жолдарына сәйкес тренинг жүргізілді. Ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

АИТВ орталығының ұйымдастыру
әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева