27 Қараша 2024
60

Спорттық би жарысы ұйымдастырылды

20 қараша 1 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне байланысты Кампания ұйымдастырылып, өткізілуде. Сырдария ауданы Тоқмағанбетов ауылындағы №135 мектепте оқушылар арасында Черлединг спорттық би жарысы ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар сайысқа белсенді аралысып, өз қатарларын салауатты өмір жолын таңдауға шақырды. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, мектеп басшысы Курманалиев Нурланға АИТВ-инфекцияның алдын алу орталығынан Алғыс хат берілді.