27 Қараша 2024
28

Колледж студенттері АИТВ туралы ақпараттандырылды

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлем АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау үшін бірігіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алады. Биылғы жылдың ұраны «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз» («Выбирай правильный путь - путь прав человека!»). Теңсіздік ЖИТС пандемиясының жалғасуына әсерін тигізуде. Алайда біз оны жеңуіміз қажет. Сондықтан ЮНЕЙДС әрқайсымызды осы күні ЖИТС-ке қарсы күресте ілгерілеуге кедергі келтіретін теңсіздіктермен күресуге шақырады.


Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында облыс көлеміндегі білім алушыларға АИТВ-ның адам өміріне әсері, осы аурудың жұғу , алдын алу жолдары, АИТВ- жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, стигма мен кемсітушілікті жою тақырыптарында әртүрлі форматта мағлұматтар беріледі.


2024 жылы 21, 25 қарашада Қызылорда көпсалалы жоғары колледжімен М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі студенттерінің арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында орталықтың эпидемиолог маманы АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу мақсатында студенттерді індеттік ахуалмен, сақтану шараларымен таныстырып, тренинг жүргізіп, ақпараттық материалдар таратты.

Г.Жұмабекова, АИТВ орталығының маманы