27 Қараша 2024
28

ЖШС «Теміржол » ауруханасында Медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу

Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологы А.Садвакасова, емдік-көмек бөлімінің дерматолог дәрігері А.Исмаилова ЖШС «Теміржол» ауруханасында медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясы жөніндегі білім деңгейлерін арттыру және кәсіптік жұқтыруды болдырмау мақсатында дәрігер-эпидемиолог қатысуымен дәрігерлер, фельдшерлер, орта буын медицина қызметкерлері арасында семинар сабақ өткізді.


Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу, сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен қарсы күреске шақырылды. АИТВ-инфекциясының әлі де өзекті екендігін халыққа жеткізу, стигма мен кемсітушілікті жою бағытында жұмыс жасау жайлары айтылды. Сонымен қатар, 20-қараша мен 1-желтоқсан аралығында республика және облыс көлемінде «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында жүргізіліп жатқан дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампанияның мақсаты, міндеттері туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, бейне роликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақтар таратылды. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Дәрігер эпидемиолог А.Садвакасова