26 Қараша 2024
36

Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ - ның алдын алу

1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес куніне орай АИТВ инфекциясының алдын алу Қызылорда облыстық орталығы, облыстық жастар денсаулық орталығы мандарының қатысуымен №278 орта мектеп, Қ.Мухамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназия оқушылары арасында кездесу жүргізілді. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының ахуалы, жұғу жолдары, эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу, сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. ЖИТС - ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен қарсы күреске шақырылды. Сонымен қатар, 20 - қараша мен 1 - желтоқсан аралығында республика және облыс көлемінде «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Кампанияның мақсаты, міндеттері туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, бейне роликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақтар таратылды.

Дәрігер эпидемиолог көмекшісі И.Касымова

1 - желтоқсан Дүние жүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес куніне орай 2024жылдың 21 қарашасында АИТВ инфекциясының алдын алу Қызылорда облыстық орталығы, облыстық жастар денсаулық орталығы мандарының қатысуымен Б.Мамышбаев атындағы №278 ІТ - мектеп лицейінде оқушылар арасында кездесу жүргізілді. Кездесу барысында ЖИТС - тің ахуалы, жұғу жолдары, эпидемиологиялық жағдай, алдын алу, сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. ЖИТС - ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен қарсы күреске шақырылды. Сонымен қатар, 20 - қараша мен 1 - желтоқсан аралығында республика және облыс көлемінде «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында жүргізіліп жатқан Дүние жүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне арналған Кампанияның мақсаты, міндеттері туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, бейне роликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақтар таратылды.

Дәрігер эпидемиолог көмекшісі Ж.Нуртазаева