25 Қараша 2024
26

ЖШС «Наздармед» клиникасында медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А. Садвакасова ЖШС «Наздармед» клиникасында медицина қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясы жөніндегі білім деңгейлерін арттыру және кәсіптік жұқтыруды болдырмау мақсатында орталық директорының қатысуымен дәрігерлер, фельдшерлер, орта буын медицина қызметкерлері арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу, сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен күреске шақырылды. АИТВ инфекциясының әлі де өзекті екендігін халыққа жеткізу, стигма мен кемсітушілікті жою бағытында жұмыс жасау жайлары айтылды. Сонымен қатар, 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында республика және облыс көлемінде «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, бейнероликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақтар таратылды.

Дәрігер-эпидемиолог А. Садвакасова