25 Қараша 2024
27

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған іс-шаралар бизнес құрылымдары мен сауда үйлерінде жалғасын табуда

Облыс көлемінде тұрғындарды, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын жүргізу мақсатында 2024 жылдың 20 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған 10 күндік науқан жүргізілуде.
Осы науқан аясында 2024 жылдың 22 қарашасында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен қаланың «Отырар», «Айтбек», «Сыбаға» сауда үйлерінде қала тұрғындары мен сатушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы, осы кезеңде қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай, тұрғындар мен сатушыларға АИТВ-инфекциясына тексеріліп, өздерінің АИТВ-статусын білу туралы толық мәліметтер беріліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

ЖИТС орталығының эпидемиологиялық
қадағалау бөлімі меңгерушісі
С. Балықбаева