25 Қараша 2024
30

Стигма дискриминацияның алдын алу

КМҚК Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының жылдық жоспарына сәйкес облыстық көпбейінді балалар ауруханасына, №1 қалалық емханаға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жол картасының 6.2 пунктіне сәйкес медицина қызметкерлері арасында «Стигма және дискриминация» тақырыбында 2 семинар өткізілді. Стигма, дискриминацияның алдын алу, АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, таралу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпараттар берілді. Мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж. Кистаубаева.