1-ші желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» ұранымен №233 орта мектебі мен №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты оқушылары мен мұғалімдері арасында семинар өткізілді.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің басты мақсаты - қоғамды ақпараттандыру, АИТВ/ЖИТС мәселелеріне қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары семинар барысында АИТВ-инфекциясының республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ-ның жұғу жолдары, емі мен диагностикасы, алдын алу шаралары және республикада, облысымызда 2024 жылдың 20-шы қараша мен 1 желтоқсан аралығында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күнінің мақсаты мен міндеті бойынша толық түсініктеме берді.
Сонымен қатар, оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, семинар аяғында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Амитов Н. - АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының социологы.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1310-2024-11-25-05-20-59#sigFreeId5a7f499f98