21 Қараша 2024
37

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы ашық есік күні

Республика және облыс көлемінде 2024 жылдың 22-ші қарашасы мен 1-ші желтоқсан аралығында 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған іс-шаралар жүргізілуде.

2024 жылдың 21-ші қарашасында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған «Өркениет» және «Болашақ» жоғарғы медициналық колледжі студенттері арасында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күні аясында медициналық колледж студенттері арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды, АИТВ-ның жұғу жолдары, клиникасы, емі, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!»» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні туралы толық мағұлмат берілді. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел тестілер туралы мәліметтер беріліп, колледж студенттері арасында капиллярлық және сілекейлік тестілер қойылды. Ашық есік күнінде студенттер АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының жұмысымен таныстырылып, семинар аяғында ақпараттық- білім беру материалдары таратылды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева