1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес куніне орай 2024 жылдың 20 қарашасында АИТВ инфекциясының алдын алу Қызылорда облыстық орталығы, облыстық жастар денсаулық орталығы мандарының қатысуымен №235 К.Қаракөзов атындағы мектеп-гимназиясында, №12 IT мектеп лицейінде оқушылар арасында кездесу жүргізілді. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының ахуалы, жұғу жолдары, эпидемиологиялық жағдай, алдын алу, сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. ЖИТС-ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен қарсы күреске шақырылды. Сонымен қатар, 20 - қараша мен 1 - желтоқсан аралығында республика және облыс көлемінде «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампанияның мақсаты, міндеттері туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, бейне роликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақтар таратылды. Дәрігер эпидемиолог көмекшісі И.Касымова
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1307-aitv-turaly-t-sindirme#sigFreeId3bd8650ae1