21 Қараша 2024
38

Мектеп оқушылары АИТВ жайлы ақпараттандырылуда

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог көмекшісі Қ.Бекова Ж.Маханбетов ауылы №143 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің Республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, диагностикасы, емі, дискриминация стигманың алдын алу туралы мағұлматтар берілді.