21 Қараша 2024
71

«Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!»

АИТВ-ның алдын алу шараларын кеңінен насихатттау мақсатында 20 қараша-1 желтоқсан аралығы Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз! тақырыбымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні өткізіледі. Алғаш рет бұл іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1-желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтілді. Сол жылдан бастап мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен қатар әр түрлі серіктестіктердің атсалысуымен Дүниежүзінің барлық елдерінде АИТВ/ЖИТС-ке қарсы әр-түрлі іс-шаралар өткізілетін болды.

Осындай іс-шаралардың бірі Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінде болды. Іс-шара барысында орталық мамандары АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы, сонымен қатар әр адамның денсаулығының жақсы болуы көп жағдайда өзіне байланысты болатындығын, кез-келген тұлға өмірінің егесі, ешкім де ол үшін өмір сүрмейтіндігін, сондықтан әркімнің өмірі өзінің таңдауы екені туралы айтып, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар, облыстық жастар денсаулық орталығының маманы есірткінің, темекінің зияны, дұрыс тамақтану туралы айтып өтті. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

Смағұлова Нұргүл - орталықтың педагогы