Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының маманы мен колледж аяжанының ұйымдастыруымен бірлескен жоспарға сәйкес «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында мұғалімдер арасында кездесу өткізілді. АИТВ инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев Облыс және аудандағы ахуал туралы мағлұмат беріп, АИТВ мен өмір сүретін адамдарды «Кемсітуге» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледж аяжаны Ж.Кенбаева жаман әдеттерден аулақ болу мен салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шара соңында ақпарат құралдары таратылып, сұрақ жауаптар мен қортындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1299-kolledzh-m-alimderi-a-parattandyryldy#sigFreeIdc02a697400