АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын жастар мен жасөспірімдер арасында насихаттау жалғасын табуда. Бірлескен жоспарға сәйкес Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы маманы №141 орта мектепте «АИТВ және қоғам» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ жұқтыруға кедергі келтіретін мінез-құлық қалыптастыру бағытындағы жұмыстар, алалау мен кемсітуді болдырмау, АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары жайында айтылды. Мамандар АИТВ инфекциясының әлемде, республикада, облыстағы тіркелу жағдайы туралы мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1295-aitv-zh-ne-o-am#sigFreeId9637b148e8