30 Қараша -0001
23

АИТВ-ның алдын алу

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен жоспарының негізінде Ы.Жахаев ауылында № 149 мектепте оқушылар арасында АИТВ-ның алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жауапты мінез құлық қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов АИТВ-инфекциясының індеттік ахуалы мен жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы мағұлмат берді. Мектеп аяжаны Г.Накипова салауатты өмір салты, жауапты мінез құлық тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. іс-шара соңында ақпараттық парақшалар таратылып, сұрақ жауап алмасты.