04 Қазан 2024
39

«Болашағымыз өз қолымызда»

Қызылорда қаласындағы №257 орта мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Болашағымыз өз қолымызда» тақырыбында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс - шараның мақсаты жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ - ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары, алалау (стигма), кемсіту жағдайларын болдырмау туралы, сонымен қатар әр адамның денсаулығының жақсы болуы көп жағдайда өзіне байланысты болатындығы айтылып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.