2024 жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында, Қызылорда облысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға, халықтың негізгі топтарына медициналық қызметтер көрсету мен АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу іс-шаралардың тиімділігін бағалау және әдістемелік кеңес көрсету мақсатында ҚР ДСМ Казақ дерматология және инфекциялық ауралар ғылыми орталығы мамандары іс-сапарға келді.
Іс-сапар барысында, ҚДИАҒО мамандары Қызылорда облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарымен бірлесіп "Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы" Жол картасының нысаналы индикаторларын орындау шеңберінде қол жеткізілген көрсеткіштерге талдау жасады.
Сонымен қатар жұмысшы топ облыс көлеміндегі емдеу мекемелері, яғни облыстық медициналық орталығында, перинатальдық орталықта, ЖШС «Қызылорда темір жол ауруханасында», «Облыстық психикалық орталығы» мен №1 қалалық емханасында болып, тәжірибиелік-әдістемелік көмек көрсетіп, кеңестер берді.
Жалпы, Қызылорда облысы Республика көлемінде АИТВ-инфекциясынан төмен облыстар қатарында (100 000 тұрғынға шаққандағы облыстық көрсеткіш 3,8 құраса, орташа республикалы көрсеткіш-12,9 құрайды). Облысымызда өзінің АИТВ статусын білетін АӨС пайызы- 90% (меже-90%) болса, 15-49 жас аралығында АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші – 0,06 % құрап, 2024 жылдың болжамды деңгейінен аспауда.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1286-dia-o-mamandary-yzylorda-oblysynda-monitoringtik-is-saparda#sigFreeIdf3a840265c