02 Қазан 2024
43

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі құтты болсын!

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Өнегелі өмір сүріп, жылдар жылнамасында еліміздің дамуы мен гүлденуіне аянбай ат салысып келген ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз төрімізге сән беріп, арамызда аман-есен жүре берсін. Адал еңбек етіп, ғибратты ғұмыр кешкен қарияларымыз бейнетінің зейнетін көрсін!

Баршаңызды қастерлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Мерекеге орай, Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының  кәсіподақ ұйымы орталығымызда  ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан қарт кісілерді мерекемен құттықтап, сый-сияпат берді.

Өз кезегінде, ардагер қарттарымыз өздеріне көрсетіліп жатқан сый-құрметке орталық ұжымына жылы лебіздерін білдірді.