Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологы А.Садвакасова Қызылорда облыстық урология және андрология орталығының медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясы жөніндегі білім деңгейлерін арттыру және кәсіптік жұқтыруды болдырмау мақсатында орталықтың директорының қатысуымен дәрігерлер, зертхана қызметкерлері, фельдшерлер, орта буын медицина қызметкерлері арасында «Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактикалық шаралар» тақырыбында семинар сабақ өткізді.
Семинар барысында байланысқа дейінгі профилактикалық шаралар халықтың негізгі топтары арасында жүргізілетінін, байланыстан кейінгі шаралар медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында жүргізу ережесі, қандай жағдайда, қанша уақытта жүргізілетіні туралы жалпы жан жақты мағлұматтар берілді. Кәсіби жұмыс барысында апатты жағдайлар орын алғанда атқарылатын алдын алу іс-шаралары, байланыстан кейінгі профилактика, медицина қызметкерлеріне қай кезде, не мақсатта шектеулер қойылатын жайлар жайлы түсіндіріліп, толтырылатын құжаттар үлгілері кқрсетілді. Облыс көлемінде 2023 жылы және 2024жылдың 8 айында емдеу мекемелерінде тіркелген апатты жағдайлар талқыланды.
Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ-ның диагностикасы, жұғу жолдары және кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары туралы сұрақ жауап түрінде қызу пікір таласпен сұрақтар талқыланып, қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.
Ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Дәрігер эпидемиолог А.Садвакасова
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1282-meditsina-yzmetkerleri-arasynda-aitv-infektsiyasyn-aldyn-alu#sigFreeIdf95c891eb4