Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі БМСК ұйымдарының медициналық қызметкерлері арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алуда байланысқа дейін және байланыстан кейін жүргізілетін алдын алу шаралары» тақырыбында Медицина қызметкерлері арасында оқыту жұмыстары жүргізілді. Филиал меңгерушісі Ж.Пернебаева АИТВ-ның індеттік ахуалы, кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары тақырыбында ақпарат берді. Дәрігер-инфекционист А.Молдабекова байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактикалық шаралар қалай, кіммен, қанша уақытқа жүргізілетіні туралы толық мағұлмат берді. Сонымен қатар, жұғу жолдары, диагностикасы, емі мен алдын алу шараларына да тоқталды. Семинар барысында сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі Ж.Пернебаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1281-bmsk-jymdaryny-meditsinaly-yzmetkerleri-arasynda-seminar#sigFreeIdf4c2f2e5c3