30 Қараша -0001
80

Медицина қызметкерлері арасында оқыту жұмыстары жалғасуда

Медицина қызметкерлері арасында оқыту жұмыстары жалғасуда

АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында орталықтың мамандарымен «Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактикалық шаралар» тақырыбында ЖШС-гі «Алексей Сұлтан Ахмет» емханасының, ЖШС-гі «Өндіріс» клиникасының медицина қызметкерлері семинар - сабақ өткізілді.

Семинар барысында байланысқа дейінгі профилактикалық шаралар халықтың негізгі топтары арасында жүргізілетінін, байланыстан кейінгі шаралар медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында қалай, кіммен, қанша уақытқа жүргізілетіні туралы толық мағұлмат берілді.

Медициналық қызметкерлер арасында жұмыс барысында апаттық жағдайлар орын алғанда негізінен байланыстан кейінгі іс - шаралар жүргізілетінін түсіндіре отырып, апаттық жағдайлар орын алғанда толтырылатын құжаттар мен жүргізілетін іс - шаралар бойынша мәліметтер берілді.

Сонымен қатар, облысымыздағы АИТВ инфекциясы бойынша қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай, жұғу жолдары, диагностикасы, емі мен алдын алу шараларына да тоқталды.

Семинар аясында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің

меңгерушісі Балықбаева С