Медицина қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясын кәсіптік жұқтыруын болдырмау мақсатында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі С.Балықбаева қалалық №1 емхананың медицина қызметкерлері арасында «Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактикалық шаралар тақырыбында» семинар - сабақ өткізді.
Семинар барысында байланысқа дейінгі профилактикалық шаралар халықтың негізгі топтары арасында жүргізілетінін, байланыстан кейінгі шаралар медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында қадай жағдайда, қанша уақытқа жүргізілетіні туралы толық мағұлмат берілді.
Медициналық қызметкерлер арасында жұмыс барысында апаттық жағдайлар орын алғанда кәсіптік жұқтырудың алдын алу үшін байланыстан кейінгі іс - шаралар жүргізілетінін түсіндіре отырып, апаттық жағдайлар орын алғанда толтырылатын құжаттар мен жүргізілетін іс - шаралар бойынша мәліметтер берілді. Облысымызда 2023 жылы, 2024 жылдың 8 айында медицина қызметкерлері мен тұрғындар арасында орын алған апаттық жағдайларға талдау жасалды.
Сонымен қатар, облысымыздағы АИТВ инфекциясы бойынша қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай, жұғу жолдары, диагностикасы, емі мен алдын алу шараларына да тоқталды.
Семинар аясында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
меңгерушісі Балықбаева С
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1278-meditsinaly-yzmetkerlerge-aitv-profilaktikasy-seminary#sigFreeId3eedc0870a