2024 жылдың 10 қыркүйегінде, Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында аймақтық Халықтық штаб өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында, штаб өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді, оның ішінде АЭС құрылысының елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыра түсіретіні баяндалып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
Жиында штаб мүшесі Нұридин Амитов "Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді", - деді ол.
Басқосуда Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы, штаб мүшесі Гүлстан Әубәкірқызы, Орталық қызметкерлері еліміздің маңызды бастамаларын бірауыздан қолдайтынын жеткізді
Кездесуде ұжым мүшелері толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1277-aitv-infektsiyasyny-aldyn-alu-ortaly-ynda-ajma-ty-khaly-ty-shtab-kilderimen-kezdesu-jymdastyryldy#sigFreeIdd03a11d97b