ҚР ДСМ-нің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар Ғылыми орталығымен БМСК ұйымдарының медициналық қызметкерлері арасында «АИТВ инфекциясын алдын алуда байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактикалық шаралар» тақырыбында семинарлар ұйымдастыру туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен ЖШС «Сенім» емханасында семинар-сабақ өткізілді.
Семинар барысында байланысқа дейінгі профилактикалық шаралар халықтың негізгі топтары арасында жүргізілетінін, байланыстан кейінгі шаралар медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында қалай, кіммен, қанша уақытқа жүргізілетіні туралы толық мағұлмат берілді.
Медициналық қызметкерлер арасында жұмыс барысында апаттық жағдайлар орын алғанда негізінен байланыстан кейінгі іс-шаралар жүргізілетінін түсіндіре отырып, апаттық жағдайлар орын алғанда толтырылатын құжаттар мен жүргізілетін жұмыстар бойынша мәліметтер берілді.
Семинар аясында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
меңгерушісі Балықбаева С
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1276-meditsina-yzmetkerleri-arasynda-o-ytu-zh-mystary-zh-rgizilude#sigFreeIde78b3ad034