11 Қыркүйек 2024
118

АИТВ-ның алдын алу шаралары

Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының жастар денсаулық орталығы мен облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен белсенді жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жауапты мінез құлық қалыптастыру, АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатынды дөңгелек стол, тренинг өткізілді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі Ж.Пернебаева АИТВ-ның республикадағы, облыстағы, аудандағы індеттік ахуалы бойынша ақпарат берді. Филиал маманы Б.Парманқұлов АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары жөнінде сөз алып,сұрақтарға жауап берді. Жастар денсаулық орталығының маманы С.Калекеева жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез құлық тақырыбында баяндама жасады. Іс шара соңында жастар денсаулық орталығының психолог маманы Н.Алматқызы қатысушылар арасында трениг жүргізіп, қорытындыланды.