Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық көпбейінді аурухананың жастар денсаулық кабинетінің біріккен жоспарына сәйкес Шиелі кентіндегі спорт мектебінде жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданы филиалының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің республикадағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалына тоқталып, сипаттама жасап, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Жастар денсаулық кабинетінің маманы С.Калекеева салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. АИТВ жайлы6 сонымен қатар жауапты-мінез құлық тақырыбында сұрақ-жауап алмасып, парақшалар таратылып, спорттық іс-шараларға жалғасып қорытындыланды.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының
Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1274-zhas-spirimder-arasynda-aitv-ny-aldyn-alu-2#sigFreeId3ecba86137