Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы және облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы облыс әкімінің орынбасары Ш.Баймановпен бекітілген «12 тамыз – Халықаралық жастар күнін ұйымдастыру мен өткізудің облыстық іс-шаралар» жоспарын орындау мақсатында «Дені сау жас – ел болашағы!» ұранымен қалалық мәдениет және демалыс саябағында көшпелі форматта акция өткізілді. Аталған іс-шараға, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, облыстағы емдеу алдын алу мекемелері, «Қызылорда жастары» белсенділері қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, дұрыс тамақтанудың пайдасын түсіндіру, АИТВ-ның алдын алу, сақтану шараларын олардың арасында пәрменді жүргізу болып табылады. Жастар денсаулығы орталығының басшысы С.Тасмағанбетова жастарға үндеу тастады: «Бүгінгі күннің, осы акцияның Сіздер үшін маңызы зор деп білеміз. Жастар – ел ертеңі, мемлекетіміздің қозғаушы күші. Халқымыз өскелең ұрпағын қашан да қастерлеп, ең қымбат қазынасы, ең басты байлығы ретінде бағалай білген. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу!» дейді халық даналығы. Ұлттың рухани құндылығын бойына сіңірген ұрпақ елімізді биік белестерге бастап барады. Сіздер қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдерісіздер. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Қазіргі Қазақстанның жастары өте ерекше олар мемлекетіміздің саяси және экономикалық өзгеру дәуірінде дүниеге келіп мемлекетімізбен бірге дамып келеді, олардың өмірге деген көзқарастары да заманауи және ерекше. Ең алдымен денсаулықтарыңызды күтіп, қараңыздар, еліміздің болашағы өздеріңіз боласыздар» - деп тілек тілеп сөзін аяқтады.
Сонымен қатар бүгінгі ұйымдастырған іс-шарада жастарға медициналық мамандар жалпы тәжірибелік дәрігер, дәрігер эпидемиолог, уролог, гинеколог, психолог, валеолог мамандары қала тұрғындарына нұсқаулықтар көрсетіп, кеңес берді. АИТВ жөнінде қызуғышылық танытқандарға қосымша ақпараттар беріліп, үнпарақтар таратылып, жастарды салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1272-deni-sau-zhas-el-bolasha-y#sigFreeId148108b0c4