Қызылорда қаласы ЖШС «Қызылорда теміржол ауруханасында» АИТВ инфекциясының алдын алу, кәсіптік жұқтырудың алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері арасында АИТВ/ЖИТС - тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ - ның жұғу жолдары және кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары туралы сұрақ жауап түрінде семинар сабақ жүргізілді. Семинар барысында қойылған сұрақтар талқыланып, сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар беріліп, қызу пікір-алмасу таласпен өткізілді.
Сонымен қатар, АИТВ инфекциясына жедел тест жасау техникасы практика жүзінде көрсетіліп, өздері жасап үйренді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1270-meditsina-yzmetkerleri-arasynda-aitv-ny-aldyn-alu-4#sigFreeIdbb8a14f91a