Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық жастар денсаулық орталығының біріккен іс-шаралар жоспары негізінде, АИТВ-ның алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығында аудан жастарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов, АИТВ-ның ҚР-ғы, облыстағы, аудандығы індеттік ахуалы мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Жастар денсаулық орталығының маманы Л.Аширова салауатты өмір салты, жауапты мінез-құлық тақырыбында сөз қозғады. Кездесу соңында сұрақ жауап алмасып, қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1268-zhastar-resursty-ortaly-ynda-aitv-zhajly#sigFreeIdf66ebef736