03 Маусым 2024
190

Медицина қызметкерлері арасында облыстық семинар

КМҚК «Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясыныңалдын алу орталығы» - ның жылдық жоспарына және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 27.05.2024ж №249 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың мамыр айының 31 күні акушер гинекологтар, маусым айының 3 күні фтизиатрлар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мәжіліс залында облыстық семинар өткізілді.

Семинар бағдарламасына сәйкес акушер гинекологтарға АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары. Жүкті әйелдердегі ретровирусқа қарсы ем ерекшеліктері, бақылау жүргізу, вирустық супрессияға қол жеткізу, АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерді қауіпсіз босандыру әдістері және босанудан кейінгі күтімі, АИТВ инфекциясын жұқтырған анадан туылған балалар диагностикасы, антиретровирусты терапия жүргізу, бақылау ережелері, тамақтандыру туралы презентациялар жасалды. Сонымен қатар фтизиатрлар арасында АИТВ және туберкулез. Клиникалық белгілері, ерекшеліктері. Туберкулездің алдын алу химиопрофилактикасы. АИТВ және туберкулез қосарланған инфекциясы кезіндегі антиретровирусты емнің ерекшеліктеріАИТВ инфекциясының клиникалық белгілері, классификациясы, нормативтік бұйрықтар тақырыптарында, т.б. презентациялар жасалып, кері байланысқа шығып медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Облыстық семинар маусым айының 4 - де инфекционист дәрігерлер арасында жалғасын табады.

АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева