2024 жылдың мамыр айының 30 күні КМҚК «Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы»-ның жылдық жоспарына және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 27.05.2024ж №249 бұйрығына сәйкес жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушілері арасында облыстық семинар өткізілді.
Семинарды КМҚК «Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы»–ның бас дәрігерінің орынбасары Ш.Ж.Өтегенова ашып, облыстағы ахуалмен, бағдарламамен таныстырып өтті.
Семинар бағдарламасына сәйкес:
- АИТВ-ның республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, жұғу жолдары. АИТВ-мен күрес стратегиясы, АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары. Байланыстан кейінгі алдын алу тақырыбында - Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Г.Жолманова
- АИТВ-ң классификациясы, клиникасы, диспансеризациясы, емдеу ерекшеліктері.
АРТ. Антиретровирусты емге қолдау көрсету–емдік көмек бөлімінің инфекционист дәрігері А.Балмаханова
- «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚРДСМ-нің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ -211 /2020 бұйрығына сәйкес (26.01.2022 ж ҚРДСМ- 6 бұйрығымен өзгеріс енген-ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева
- Тұрғындарға тестке дейінгі және тесттен кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру ерекшеліктері- емдік көмек бөлімінің меңгерушісі -Е.Қ.Осипов
- АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы. АИТВ инфекциясын Экпресс тест әдісі арқылы анықтау - ИФА зертханасының дәрігер лаборанты-М.Б.Ибраева тарапынан бағдарламаға сай презентациялар жасалып, семинарды қорытындылау барсында қатысушалардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Ақпараттық білім беру материалдары таратылды, сонымен қатар презентациялардың электрондық нұсқасы берілді.
Семинармен барлығы 21 медицина қызметкері қамтылды.
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының
ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1263-t-zhiribelik-d-rigerler-arasynda-oblysty-seminar-tkizildi#sigFreeIdf37fe4a3d1