Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы №147, Нағи ауылы №132, Тереңөзек кентіндегі № 35 мектеп лицей, №210 мектеп оқушыларының арасында «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында АИТВ/ ЖИТС инфекциясына түсініктеме, жалпы әлемдік, республикадағы, облыстық эпидемиологиялық ахуалы, жұқтыру жолдары жайлы талқыланды. Бүкіл халықтың назарын осы мәселеге аудару, АИТВ жұқтырғандар кәдімгі адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ екенін, олардың да жұмыс істеуге және емін-еркін жүріп-тұруға құқы бар екенін, АИТВ жұқтырудан қорғану шараларын білмейтін немесе оларды орындағысы келмейтін кез келген адам бұл індеттен зардап шегуі мүмкін екені түсіндірілді. АИТВ –инфекциясы алғашқы сатысында-ақ алдын алу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін ауру. Қазақстанда зияндылықты азайту тұжырымдамасының арқасында АИТВ жұқтырған көптеген адамдар толыққанды өмір сүруді жалғастыра отырып, күнделікті ем алады. Кездесуде берілген сұрақтарға толық қанағаттанарлық жауаптар беріліп, қызу пікір таласпен өткізілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1262-aitv-zhajly-a-parattandyryldy#sigFreeId4dbc86eed6