Қала тұрғындары АИТВ жайлы ақпараттандырылуда
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы қызметкерлері АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында облыс тұрғындары, жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын бағыттау, АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде. Ал, мұндай шараларды тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде ұйымдастыру нәтижелі болатыны анық, осыған орай қаламыздағы қоғамдық көліктерге ақпараттық материалдар орналастырылды. Осы орайда «Қызылорда автобус паркіне» ЖШС мекемесінің басшылығына қолдау көрсеткендері үшін ерекше алғыс айтамыз. Бірігіп жасаған жұмыстарымыз нәтижелі болады деген сенімдеміз.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1261-ala-t-r-yndary-aitv-zhajly-a-parattandyryluda#sigFreeIde0b9479e67