24 Мамыр 2024
164

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында бірлескен мәжіліс өткізілді.

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында бірлескен мәжіліс өткізілді.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының 2024 жылдық жоспарына сәйкес АИТВ инфекциясының қан арқылы таралуын алдын алуда донорлық қан қауіпсізідігін қамтамасыз ету,донорлар мен реципиенттер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылдың 17-ші мамырында №233 бұйрығы шығып, 2024 жылдың 22-ші мамырында орталық қалалық емхананың мәжіліс залында облыстық қан орталығы, гемотрансфузия жасайтын емдеу мекемелері мен реципиенттерге жауапты бастапқы медициналық санитарлық көмек беру ұйымдарының жауапты мамандарының қатысуымен бірлескен мәжіліс ұйымдастырылды.
Бірлескен мәжілісті ашқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Н.Жұмаш өз сөзінде АИТВ инфекциясының өзектілігіне тоқтай келе, республика көлемінде және де біздің облысымызда донорлыққа қатысқан тұрғындар мен реципиенттер арасында АИТВ инфекциясының анықталуы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының алаңдаушылығын тудырып жатқандығына тоқталды. АИТВ инфекциясының қан арқылы жұғуының алдын алуда донорлық қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету- басты мәселелердің бірі екеніне назар аудару қажетігін айтты.
Бірлескен мәжіліс барысында сөз алған АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі С.Балықбаева республика, облыс көлемінде АИТВ инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға тоқталды, оның ішінде донорлар мен реципиенттер арасында қалыптасқан індеттік жағдай, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары бойынша мәлімет берді. Сонымен қатар, реципиенттерді АИТВ инфекциясына тексеру барысында орын алған кемшіліктерге тоқталды.
Мәжіліс барысында сөз алған облыстық қан орталығының дәрігер-эпидемиологі Э.Утегенова облыс бойынша донорлық қан қауіпсізідігін қамтамасыз ету барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Облыстық қан орталығымен донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында ҚР ДСМ 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-113/2020 «Қан және оның компонентерінің донорларын медициналық куәландыруға және медициналық пайдалануға арналған қан өнімдерін шығару кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптар» бұйрығын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда және әр донорлыққа қатысатын тұрғындар міндетті түрде арнайы тексерулерден өтеді. Қан арқылы тарайтын аурулармен анықталғандар (вирусты гепатит В,С, мерез, АИТВ инфекциясы) , халықтың негізгі топтарына жататындар, АИТВ жұқтырғандармен қатынаста болғандар донорлықтан өмір бақиға аластатылады. Донорлық қан қауіпсізідігін қамтамасыз ету-облыстық қан орталығының басты назарында және басымды бағыттарының бірі.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігердің орынбасары Ш.Утегенова мәжілісті қорытындылау барысында донорлық қан қауіпсізідігін қамтамасыз ету-өзекті мәселе екенін және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды әрі қарай жалғастыру керек екендігін айтты.
Мәжіліс барысында медициналық қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Балыкбаева С.Ш