21 Мамыр 2024
163

Шиелі индустриалды аграрлық колледжінде студенттер арасында кездесу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өткізіледі. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында, студенттер арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Колледж аяжаны іс-шараның маңыздылығына тоқталып АИТВ/ЖИТС бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Іс-шара барысында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі АИТВ/ЖИТС-ті жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сонымен қатар республикадағы, облыстағы және ауданымыздағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс-шара соңында қатысушылар мен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі: Ж.Т.Пернебаева