Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының мандарымен Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай медицина қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылды.
Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі, инфекционист дәрігері Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің маңыздылығына тоқталып, негізгі мақсаттары туралы түсіндірді. АИТВ-инфекциясының жұғу,таралу жолдары, клиникасы, емі , алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау, АИТВ инфекциясының емі мен диагностикасы тақырыбында мағұлмат берілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел тестілер туралы мәліметтер беріліп, Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай дайындалған ақпараттық слайд көрсетіліп таныстырылды. Қатысқандардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1256-meditsina-yzmetkerleri-arasynda-aitv-ny-aldyn-alu-3#sigFreeId6d54ea6601