21 Мамыр 2024
170

АИТВ-ның алдын алу шаралары тұрғындар арасында жалғасуда

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының маманымен АИТВ-ның алдын алу шараларын кеңінен насихаттау мақсатында аудан тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында ҚР да облысымызда ауданымызда АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиолоиялық жағдай, жұғу, таралу жолдары, алдын алу тақырыбы бойынша толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің маңыздылығы туралы айтылды. АИТВ жұқтырудан қорғанудың алдын алу шараларын ұстану және осы шараларды орындағысы келмейтін кез-келген адам осы ауруды жұқтыруы мүмкін екертілді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.