20 Мамыр 2024
142

«Ұлағат» медициналық колледжі

«Ұлағат» медициналық колледжі.

ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай «Ұлағат»  медициналық колледжінде студенттер мен мұғалімдер арасында іс-шара өткізілді.  Бұл күні өткізілетін іс-шаралардың басты міндеті – бүкіл халықтың назарын осы мәселеге аудару, АИТВ жұқтырғандар кәдімгі адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ екенін, олардың да жұмыс істеуге және емін-еркін жүріп-тұруға құқы бар екенін, АИТВ жұқтырудан қорғану шараларын білмейтін немесе оларды орындағысы келмейтін кез келген адам бұл індеттен зардап шегуі мүмкін екенін түсіндіру.
АИТВ –инфекциясы алғашқы сатысында-ақ алдын алу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін ауру. Қазақстанда зияндылықты азайту тұжырымдамасының арқасында АИТВ жұқтырған көптеген адамдар толыққанды өмір сүруді жалғастыра отырып, күнделікті ем алады.  Кездесу  сұрақ жауап ретінде, берілген сұрақтарға толық қанағаттанарлық жауаптар беріліп, қызу пікір таласпен өткізілді.