17 Мамыр 2024
139

19 мамыр – Халықаралық СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күнiне

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының жылдық жоспарына сәйкес 19 мамыр – Халықаралық СПИД ауруынан қайтыс болғандарды

еске алу күнiне орай мамыр айының 17 күні «ORDA» жоғарғы колледжінде көпшілік акция өткізілді.

Ұйымдастырушылар: Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы және «ORDA» жоғарғы колледжі.

Қатысушылар: Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығы, «ORDA» жоғарғы колледжінің білім алушылары, белсенді жастар ұйымдарының мүшелері

Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күнін өткізудің мақсаты жастарға АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпараттық білім беру, оларды зиянды әдеттерден аулақ қылып, салауатты өмірн салтын ұстануға шақыру.

Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісі Халықаралық СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Биыл бұл күн 19 мамырда «Бірге еске аламыз, бірге махаббат пен ынтымақтастық арқылы емделеміз» ұранымен өткізілуде.

Акцияның алдында қатысушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары . қай жерде тексерілуге болады, АИТВ орталығының сенім телефоны, мекен жайы бойынша 2 тілде әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар АИТВ –ның тіркелу жағдайы, АИТВ жұқтырғандарға байланысты стигма, дискриминация жағдайларына жол бермеу сияқты мәселелер қозғалды. Акция барысында «ORDA» жоғарғы колледжінің директоры Г.Досжанова, Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ш.Утегенова, Облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері С.Каусова сөз алып жастарға ақпараттар берілді

Өз еркімен АИТВ статусын анықтауға ниет білдірген жастар арасында экспресс әдісі арқылы тестілеу жүргізілді, ақпараттық білім беру материалдары таратылды. «ORDA» жоғарғы колледжінің білім алушылары тарапынан ән, би орындалды.

Акцияның өз мәнінде өткізілуіне атсалысқан ұжым қызметкерлері мен жастарды Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ш.Утегенова марапаттады.

АИТВ орталығының ұйымдастыру

әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева