Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының жылдық жоспарына және Облыстық жастар денсаулығы орталығымен біріккен іс-шаралар жоспарына сәйкес 19 мамыр – Халықаралық СПИД ауруынан қайтыс болғандарды
еске алу күнiне орай бастапқы медико санитарлық көмек ұйымдарының салауатты өмір салтын қалыптастыруға жауапты мамандарының қатысуымен біріккен мәжіліс өткізілді.
Ұйымдастырушылар: Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы және облыстық жастар денсаулығы орталығы.
Күн тәртібіне сәйкес Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күнін өткізудің өзектілігі, мақсаты туралы АИТВ орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Утепова , Облыстағы АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары және АИТВ –стима, дискриминация тақырыптары бойынша ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева қатысушыларға ақпараттар берді. Сонымен қатар Облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері С.Каусова Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының АИТВ-ның алдын алудағы рөлі тақырыбында ақпарат берді.
Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісі Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнін атап өтіледі. Биыл бұл күн 19 мамырда «Бірге еске аламыз, бірге махаббат пен ынтымақтастық арқылы емделеміз» ұранымен өткізілуде.
Бұл күнді атап өтудің мақсаты - АИТВ инфекциясынан көз жұмғандарды еске алу, қоғамның назарын АИТВ инфекциясына аудару, осы жұқпамен өмір сүріп жүрген адамдарға және олардың жақын-жуықтарына, достарына қолдау көрсету, халыққа АИТВ жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде жайлы мәлімет беру, АИТВ-дан сақтанбаған кез-келген адам инфекция құрбаны болуы мүмкін екенін хабардар ете отырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Алғашқы рет еске алу күні 1983 жылы АҚШ-ның Сан-Франциско қаласында бір топ адамдармен өткізіліп, әрі қарай үрдіске айналды. Кеуделеріндегі қызыл лента - еске алу, АИТВ-жұқпасымен өмір сүрушілермен ынтымақтастық, олардың құқығын қорғау, бұл инфекцияның келешекте вакцинасы табылады деген үміт символы ретінде, АИТВ-жұқпасы ұлтты, жасты, лауазымды таңдамайтынын түсіну белгісі ретінде тағылған.
Бұл күннің мақсаты - АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, ынтымақтастық ретінде қауымдастықтарды жұмылдыруды жалғастыру, сондай-ақ инфекцияның алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
Біріккен мәжіліс барысында қатысушылармен пікір алмасып, кері байланыс орнатылып сұрақтарға мамандар тарапынан жауаптар берілді. Әрі қарай тұрғындар арасында, жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу шараларын жүргізуде бірігіп атқарылатын іс-шараларға байланысты шешімдер қабылданды.
АИТВ орталығының ұйымдастыру
әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1244-19-mamyr-khaly-araly-spid-auruynan-ajtys-bol-andardy-eske-alu-k-nine#sigFreeIde5b1874a35