17 Мамыр 2024
161

Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасы медициналық қызметкерлеріне өткізілген семинар.

ЖИТС орталығы Қазалы филиалы лаборант дәрігері Рахметов А Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасы медициналық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті. Семинарға қатысушыларға республикадағы, облыстағы індеттік ахуалмен таныстырылды. Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге жұмыс орнында апаттық жағдай туындағанда АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары айтылды. Жедел тесттің жасау техникасы толыққанды айтылды, және де АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу, кемсіту» қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндірілді. Семинарға қатысушылар қойған сұрақтарына толықтай жауап алды.