17 Мамыр 2024
126

Халықаралақ ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні.

Әр жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтіледі.

Осы атаулы күнді өткізудің негізгі мақсаты- АИТВ проблемасына қоғам назарын аудару және жастарға АИТВ туралы жан-жақты білім бере отырып, індеттің алдын алу, сақтану шаралары жайында кең көлемде мәлімет беру, адам денсаулығына зиянды әдеттермен күрес жүргізуді насихаттау, жастардың болашаққа деген сенімін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Осы атаулы күнге орай Қызылорда обылыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданы филиалы Бала би ауылы №50 орта мектептің ұйымдастыруымен мен бірлесіп акция өткізілді. Кездесу барысында мектеп аяжаны Ш.Тұңғышбаева оқушыларды Дүниежүзілік ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай дайындалған ақапараттық слайд пен таныстырды. АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданыны филиалының маманы Т.Досаев АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы айтып түсіндіріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.