Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өткізіледі. Биылғы жылы бұл 19-шы мамырға келіп тұр. Бұл күннің негізгі мақсаты:
- ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу;
-АИТВ-мен өмір сүретіндерге қолдау көрсету;
-АИТВ/ЖИТС-пен байланысты стереотиптерді жою, стигма мен дискриминацияны болдырмау;
-Қоғамды АИТВ/ЖИТС-пен күресуге жұмылдыру.
ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні –бұл АИТВ/ЖИТС-ке бей-жай қарамайтын адамдар үшін және АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың сау адамдар сияқты тең азаматтық құқықтары барын, оның ішінде жұмыс жасауға, өмір сүруге және еркін жүріп-тұруға толық құқықтары барын жеткізу.
Қызылорда обылыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалы мен Шиелі аудандық білім өлімінің біріккен жоспарына сәйкес, ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күніне байланысты Психологтар арасында семинар өткізілді. Қызылорда обылыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі Ж.Пернебаева. Бұл күні өткізілетін іс-шаралардың басты міндеті-бүкіл халықтың назарын осы проблемаға аудару, АИТВ жұқтырудан қорғанудың алдын алу шараларын ұстану және осы шараларды орындағысы келмейтін кез-келген адам осы ауруды жұқтыруы мүмкін екенін түсіндіріп еске сала кетті.
АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары,алдын алу шаралары және індеттік ахуалы туралы баяндама жасады. Іс-шараға қатысушыларға ақпараттар беріліп, сұрақ жауаппен қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1237-d-niezh-zilik-zhits-ten-ajtys-bol-andardy-eske-alu-k-nini-ma-yzdyly-y#sigFreeIda01af93963