2024 жылдың мамыр айының 16-ы күні Шиелі аудандық полиция бөлімінде жеке құрам және медқызметкерінің қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның ашылу сөзін аудандық ішкі істер бөлімінің медицина қызметкері Е.Өмірбеков бастап, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуда бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы баяндама жасады. Іс-шара барысында Қызылорда обылыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданы филиалының меңгерушісі Ж.Пернебаева АИТВ-ның індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламалар мен жоспарларға сәйкес ауданымызда ауқымды іс-шаралар атқарылып жатқанын баяндады. Іс-шара соңында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар, плакаттар таратылып, құқық қорғау қызметкерлерінің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1236-aitv-zhits-ti-aldyn-alu-11#sigFreeId0ec16c192a