Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығыныңэпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандарымен Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтысболғандардыескеалукүніне аясында2024 жылдың 15-ші мамырында Қызылорда жоғарғы медициналық колледжі мен «Болашақ» жоғарғы медициналық колледж студенттерінің қатысуымен «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
«Ашық есік күні» барысында медициналық колледж студенттері арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды, Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің маңыздылығы, негізгі мақсаттары туралы айтылды. АИТВ-инфекциясының жұғу,таралу жолдары, клиникасы, емі , алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау, АИТВ инфекциясының емі мен диагностикасы тақырыбында мағұлмат берілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел тестілер туралы мәліметтер беріліп, колледж студенттері арасында капиллярлық және сілекейлік тестілер қойылып, қатысқандардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Ашық есік күніне қатысқан студенттер АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының жұмысымен танысты.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1235-zhits-ten-ajtys-bol-andardy-eske-alu-k-ni-ayasynda-meditsinaly-kolledzh-studentteri-arasynda-ashy-esik-k-ni-jymdastyryldy#sigFreeIda56cde22b5