Қызылорда қаласындағы №4 Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - лицей интернатында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс - шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ - ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. АИТВ жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.