Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандарымен Дүниежүзілік ЖИТС - тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында 2024 жылдың 14 - ші мамырында М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде оқушылар мен мұғалімдер арасында іс - шара ұйымдастырылды.
Семинар барысында «ҚР - да, облысымызда АИТВ инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиолоиялық жағдай, жұғу, таралу жолдары, алдын алу шаралары. АИТВ инфекциясының емі мен диагностикасы» тақырыбында толық мағұлмат берілді.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік ЖИТС - тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің маңыздылығы, негізгі мақсаттары туралы айтылды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС - тан қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өткізіледі. Биылғы жылы бұл 19 - шы мамырға келіп тұр. Бұл күннің негізгі мақсаты:
- ЖИТС - тен қайтыс болғандарды еске алу;
- АИТВ - мен өмір сүретіндерге қолдау көрсету;
- АИТВ/ЖИТС - пен байланысты стереотиптерді жою, стигма мен дискриминацияны болдырмау;
- Қоғамды АИТВ/ЖИТС - пен күресуге жұмылдыру.
ЖИТС - тен қайтыс болғандарды еске алу күні - бұл АИТВ/ЖИТС - ке бей - жай қарамайтын адамдар үшін және АИТВ - инфекциясын жұқтырған адамдардың сау адамдар сияқты тең азаматтық құқықтары барын, оның ішінде жұмыс жасауға, өмір сүруге және еркін жүріп - тұруға толық құқықтары барын жеткізу.
Бұл күні өткізілетін іс - шаралардың басты міндеті - бүкіл халықтың назарын осы проблемаға аудару, АИТВ жұқтырудан қорғанудың алдын алу шараларын ұстану және осы шараларды орындағысы келмейтін кез - келген адам осы ауруды жұқтыруы мүмкін екенін еске сала кетті. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық - білім беру материалдары таратылды.
у болып табылады.
Іс - шара барасында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық - білім беру материалдары таратылды.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
меңгерушісі С.Балықбаева