14 Мамыр 2024
160

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында жастар мен жасөпірімдер арасында іс-шаралар ұйымдастырылуда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өткізіледі. Биылғы жылы бұл 19-шы мамырға келіп тұр. Бұл күннің негізгі мақсаты:

- ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу;

-АИТВ-мен өмір сүретіндерге қолдау көрсету;

-АИТВ/ЖИТС-пен байланысты стереотиптерді жою, стигма мен дискриминацияны болдырмау;

-Қоғамды АИТВ/ЖИТС-пен күресуге жұмылдыру.

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні – бұл АИТВ/ЖИТС-ке бей-жай қарамайтын адамдар үшін және АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың сау адамдар сияқты тең азаматтық құқықтары барын, оның ішінде жұмыс жасауға, өмір сүруге және еркін жүріп-тұруға толық құқықтары барын жеткізу.

Бұл күні өткізілетін іс – шаралардың басты міндеті-бүкіл халықтың назарын осы проблемаға аудару, АИТВ жұқтырудан қорғанудың алдын алу шараларын ұстану және осы шараларды орындағысы келмейтін кез-келген адам осы ауруды жұқтыруы мүмкін екенін еске салу.

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен 2024 жылдың 13-ші мамыры мен 17-ші  мамыры аралығында Дүниежүзінде ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні аясында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып, жүргізілуде.

2024 жылдың 13-ші мамырында орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандарымен «Авиценна» медициналық колледжінде оқушылар мен мұғалімдер арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды. Семинар барысында «ҚР-да, облысымызда АИТВ инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиолоиялық жағдай, жұғу, таралу жолдары, алдын алу шаралары. АИТВ инфекциясының емі мен диагностикасы» тақырыбында толық мағұлмат берілді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің

меңгерушісі С.Балықбаева